Колледж 2016 жылдың 1 тамызында ашылды. Колледж М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Қаратау қаласындағы Жалпы білім беру пәндері факультетінің базасында құрылған.
Колледж миссиясы — кәсіби жоғары және әлеуметтік табысты тұлға қалыптастыру, сапалы білім қызметін ұсыну мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың дайындық деңгейін арттыру.
Колледждің мақсаты — оқу-тәрбие процестерін жетілдіру, оқу түрін, мерзімін, мазмұнын таңдауда зор мүмкіндіктер жасай отырып, қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы білім алудағы сұранысын қанағаттандыру.
Колледждің басты міндеті — мамандарды даярлау сапасын жетілдіру және түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Колледж өз қызметінде Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің нормативті-құқықтық және нұсқаушылық құжаттарын және колледж Ережесін басшылыққа алады.
Колледжде оқу жұмыстарын жүргізуге келесі материалдық-техникалық база пайдаланылуда: оқу корпусы, жабық спорт кешені және жатақхана. Сонымен қатар колледжде 50 орындық асхана, медициналық кабинет, 20 компьютермен және интерактивтік тақтамен жабдықталған, интернет желісіне қосылған 2 компьютерлік класс және 50 орындық оқу залы бар. Колледж оқу үрдісінде 25 оқу кабинетін, 4 зертхананы және 2 шеберхананы пайдалануда.
Колледжде педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес және 2 циклдық әдістемелік комиссия жұмыс атқарады.
Аттестаттау құжаттары
- Аттестаттау қорытындысы туралы бұйрық
- Өзін-өзі бағалау қорытындысы
- Бағалау парағы
- Қайта мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы бұйрық
Білім беру бағдарламасының паспорты (мысал)
| Мамандық коды және атауы | 07110100 Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша) |
|---|---|
| Біліктілік коды және атауы | 4S07110102 Техник-технолог (түрлері бойынша) |
| Әзірлеуші ұйым | М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Қаратау тау-кен технологиялық колледжі |
| Әзірлеуші серіктес | «Казфосфат» ЖШС |
| Оқыту түрі | күндізгі, негізгі орта білім базасында, қазақ тілінде |
| Лицензия нөмірі | KZ19LAA00018483 (қосымша №040) |
| Ерекшелігі | модульдік-кредиттік |
