Dulaty College

Колледж туралы

Колледж 2016 жылдың 1 тамызында ашылды. Колледж М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Қаратау қаласындағы Жалпы білім беру пәндері факультетінің базасында құрылған.

Колледж миссиясы — кәсіби жоғары және әлеуметтік табысты тұлға қалыптастыру, сапалы білім қызметін ұсыну мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың дайындық деңгейін арттыру.

Колледждің мақсаты — оқу-тәрбие процестерін жетілдіру, оқу түрін, мерзімін, мазмұнын таңдауда зор мүмкіндіктер жасай отырып, қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы білім алудағы сұранысын қанағаттандыру.

Колледждің басты міндеті — мамандарды даярлау сапасын жетілдіру және түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Колледж өз қызметінде Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің нормативті-құқықтық және нұсқаушылық құжаттарын және колледж Ережесін басшылыққа алады.

Колледжде оқу жұмыстарын жүргізуге келесі материалдық-техникалық база пайдаланылуда: оқу корпусы, жабық спорт кешені және жатақхана. Сонымен қатар колледжде 50 орындық асхана, медициналық кабинет, 20 компьютермен және интерактивтік тақтамен жабдықталған, интернет желісіне қосылған 2 компьютерлік класс және 50 орындық оқу залы бар. Колледж оқу үрдісінде 25 оқу кабинетін, 4 зертхананы және 2 шеберхананы пайдалануда.

Колледжде педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес және 2 циклдық әдістемелік комиссия жұмыс атқарады.

Аттестаттау құжаттары

Білім беру бағдарламасының паспорты (мысал)

Мамандық коды және атауы 07110100 Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)
Біліктілік коды және атауы 4S07110102 Техник-технолог (түрлері бойынша)
Әзірлеуші ұйым М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Қаратау тау-кен технологиялық колледжі
Әзірлеуші серіктес «Казфосфат» ЖШС
Оқыту түрі күндізгі, негізгі орта білім базасында, қазақ тілінде
Лицензия нөмірі KZ19LAA00018483 (қосымша №040)
Ерекшелігі модульдік-кредиттік