Elementor #22

college
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті
ҚАРАТАУ ТАУ-КЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Колледж туралы

Колледж 2016 жылдың 1 тамызында ашылды. Колледж М. Х. Дулати атындағы Тараз  университетінің Қаратау қаласындағы Жалпы білім беру пәндері факультетінің базасында құрылған.
Колледж миссиясы кәсіби жоғары және әлеуметтік табысты тұлға қалыптастыру, сапалы білім қызметін ұсыну мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың дайындық деңгейін арттыру.
Колледждің мақсаты оқу-тәрбие процестерін жетілдіру, оқу түрін, мерзімін, мазмұнын таңдауда зор мүмкіндіктер жасай отырып, қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы білім алудағы сұранысын қанағаттандыру.

Колледждің басты міндеті мамандарды даярлау сапасын жетілдіру және түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

М. Х. Дулати атындағы Тараз  университетінің Қаратау тау-кен технологиялық колледжі негізгі және жалпы орта білім беру базасында күндізгі бөлімде 10 мамандық  және сырттай бөлімде 4 мамандық түрлері бойынша талапкерлерді қабылдауды жүзеге асырады

Күндізгі оқыту бөлімінің мамандықтары

04130100
Менеджмент (қолдану салалары бойынша)
06130100
Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
07110100
Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)
07130200
Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
07130700
Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)
07140100
Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)
07161300
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
07240300
Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу
07240500
Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)

Сырттай оқыту бөлімінің мамандықтары

06130100
Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
07140100
Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)
07240300
Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу
07240500
Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз  университетінің Қаратау тау-кен технологиялық колледжі 2025-2026 оқу жылына 9 және 11 сынып базасында техникалық және кәсіптік білім берудің күндізгі және сырттай оқыту бөлімдеріне талапкерлер қабылдайды.

Оқуға қабылдау ережесі

Оқу орнына талапкерлердің өтініштері күндізгі бөлімге 20 маусымнан 18 тамызға дейін, ал сырттай бөлімге 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін қабылданады.

Оқуға түсу емтихандары (конкурс) күндізгі бөлімге 19-28 тамыз аралығында, ал сырттай бөлімге 20-25 қыркүйек аралығында өтеді.

Реквизиттер

НАО «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» 

080000, Қазақстан, Жамбыл облысы, Тараз қ., Әулие ата ауданы, көшесі Ыбырайым Сулейменов, құрылыс 13.

БИН 240940026321

Кбе 16

КНП 859

Банк: АО «Банк Центр Кредит»

ИИК KZ668562203140753935

БИК KCJBKZKX

Байланыс

Мекен-жайымыз: Тараз қ. Төле би к. 60

Тел: 8(72644)6-12-50

E-mail: kmtgol@mail.ru